Lyrics Kazybek Kuraiysh – Korkemim

Қол жетпес биіктегі көркемім
Сен мені жанартаудай өртедің
Ауаның құрғатып бар оттегін
Тәніңмен жағатұғын от па едің?!

Көргелі жанарыңның кескінін
Есін де шығаратын естінің
Тек сені аңсап тағы кешқұрын
Керегі болмай қалды жан-жағымда ешкімнің

Қыс пен күз, жазым менен көктемім
Қалаймын өзіңменен әр сәтімнің өткенін

Көз тартты көлбең еткен көйлегің
Өзіңнен басқа жанды көрмедің
Сені ойлап құдіреті ой ненің?
Су ішіп отырсам да шөлдедім

Көргелі жанарыңның кескінін
Есін де шығаратын естінің
Тек сені аңсап тағы кешқұрын
Керегі болмай қалды жан-жағымда ешкімнің

Қыс пен күз, жазым менен көктемім
Қалаймын өзіңменен әр сәтімнің өткенін

Lyrics rating:
92%